Бүтін $n$ ($2 \le n \le 100000000$) саны берілген. $m$ санының факториалы $n$-ге қалдықсыз бөлінетіндей ең кіші оң бүтін $m$ санын табатын программа жазыңыз. Мұнда оң бүтін $m$ саны үшін $m$ санының факториалы дегеніміз — $1$-ден $m$-ге дейінгі барлық бүтін сандардың көбейтіндісі.
Енгізу
Енгізу деректері factorial.in файлында беріледі. Бұл файл бүтін $n$ саны жазылған бір ғана жолдан тұрады.
Шығару
Программа нәтижені стандартты шығару ағынына шығаруы тиіс. Тек бүтін $m$ саны жазылған бір жолды шығарыңыз.
Мысал
Енгізу 1
10
Шығару 1
5
Енгізу 2
12
Шығару 2
4